Skip to content

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ БАРДЫ

                                                                                     Мәжіліс депутаттары NU-ға барып, жоғары оқу орнының ғылыми және академиялық әлеуетімен танысты, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі Мәжіліске сілтеп .

Мәжілісмендерге университет кампусының бас жоспары, ғылыми-инновациялық экожүйесі, медициналық робототехника және зерттеу орталықтарының жұмысы,  туралы мәлімет беріліп, зияткерлік жүйелер және жасанды интеллект институтының әзірлемелері көрсетілді. Аталған орталық зерттеушілері қазақ тіліндегі жасанды интеллектінің алғашқы моделін дайындап, әзірлеген.

Сондай-ақ білім ошағының жас ғалымдары депутаттарға қазақстандықтардың геномын және олардың әртүрлі ауруларға бейімділігін зерттеу саласындағы жобалары, қатерлі ісікке қарсы дәрі-дәрмектерді тұтынудың жаңа тәсілі туралы баяндады.

Мәжіліс вице-спикері Дания Еспаева, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов, Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Татьяна Савельева, депутаттар Қазыбек Иса, Нұрлан Әуесбаев, Берік Бейсенғалиев, Нұргүл Тау, Айна Мысырәлімова, Гүлдара Нұрымова, Жұлдыз Сүлейменова, Ринат Зайытов, Болат Керімбек, Таңсауле Серіков, Нартай Сәрсенғалиев, Дәулет Мұқаев, Тілектес Адамбеков NU бүгінгі сапасын сақтап, ашықтығын, тиімділігін, қолжетімділігін арттыру үшін Бюджет кодексі жобасындағы нормаларды талқылады.

Университеттің басшылығы мен ғалымдары отандық білім беру жүйесін дамыту және ғылыми әлеуетті жетілдіру бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста жұмыс істеуді жалғастыратынын айтты.
_

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *