Skip to content

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ МАНДАТЫ ҚЫСҚАРАДЫ

   Кеше 7-ші сайланған Парламенттің Мәжілісі таратылды. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнаулы Жарлығымен келесі Мәжіліс депутаттарын сайлау науқаны 19 наурызға белгіленіп отыр. Осыған орай алдағы саяси додадағы басты өзгерістерге тоқталсақ.

   Бұған дейін, яғни жетінші сайланған Парламенттің Мәжілісінде 107 депутат болғаны белгілі. Ал жаңадан жасақталатын Мәжілісте мандат саны 9-ға қысқарып, 98-ді құрап отыр. Қысқартылған бұл 9 мандат осы уақытқа дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланатын депутаттарға тиесілі болатын. Алайда өткен жылдың маусымындағы Референдумнан кейін қабылданған заңға сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан еліміздің жоғары заң шығарушы органына берілетін мандат саны беске қысқарылып, оның өзі Сенатқа берілген еді. Бұл республиканың Ата заңында да жазылды. Яғни, бұған дейін Президент 15 Сенат депутатын тағайындайтын болса, ол сан 10-ға дейін қысқарып, енді соның бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынуы тиіс. Бұл норма 8-ші сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауынан бастап қолданылады.

 Айта кетерлігі, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат депутаттары да аралас жүйе бойынша сайланады. Мұны да Мемлекет басшысы бүгінде ел тұрғындарына жасаған мәлімдемесінде атап өтті. Мемлекет басшысының атап өтуінше, сайлау науқанын ұйымдастыру және оны өткізу ісінде аумақтық сайлау комиссиялары маңызды рөл атқарады. Енді облыстық сайлау комиссиялары кәсіби түрде тұрақты жұмыс істейді. Бұл шешім сайлауға қатысты іс-шаралардың сапалы атқарылуын қамтамасыз етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *