Skip to content

МЕДРЕСЕ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ  

    Жетісай қаласында салынып жатқан 3 қабатты зәулім  медресе құрылысы аяқталуға жақын. Алайда қалың жамағаттың қолдауымен бой көтерген нысанның толықтай қолданысқа берілуіне қаржы жағы қолбайлау боп тұр. Сондықтан  қолұшын созып, сауап іске кенелеміз деушілерге есік ашық дейді дін жанашырлары, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі. 

  Құрылысы осыдан бірнеше жыл бұрын басталған  медересе ғимараты бітуге таяу. 3 қабатты нысанның сыртқы, ішкі әрлеу,сырлау жұмыстары да аяқталған. Тіпті кейбір жиһаздары да алынған. Балалардың жатын бөлмесі, кітапхана, асхана, сынып бөлмелері де жарым – жартылай жабдықталған. Енді аз ғана қолдау болса, қолданысқа берілгелі тұр дейді ауданның бас имамы Айдарбек Сыдықов. Сауап іздеген жомарт жандардан көмек күтетінін  айтады.

АЙДАРБЕК САДЫҚОВ; ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ БАС ИМАМЫ

– Алланың қалауыменен балаларымыз құран жаттау орталығы,қарилар орталығы медресе,мақсатыменен құрылған медресеміз құрлысы жақындап қалды.Алла қаласа осы медресемізге,құдай қаласа көмектесемін деген кісілерге әлі де,азғана пайыз жәрдемдер керек болып жатыр.Кімде-кім осы алланың жолында балаларымыз білім алып, елге халыққа дінге қызмет етемін деген,балаларымызға осындай ғимараттардың ашылуына көмек беремін,сауапқа ие боламын деген әрбір момын жанға,біздің құдай қаласа есігіміз ашық.

   Медресе пайдалануға берілсе, мұнда 160 бала білім алып, қари атанып шығатын болады. Сол себепті, сауапты істен құр қалмайық, медресе құрылысына атсалысайық.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *