Мектеп құралдарын алу үшін 80 мыңға жуық ата-анаға ақша аударылады,деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.
Балалар құқығын қорғау комитетінің мәлімдеуінше, «Жалпыға бірдей білім қоры» 510 мың балаға 43 мың 407 теңгеден бөледі. Олардың қатарында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардағы мектеп оқушылары мен табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балалары бар. Сонымен қатар жетім балалар мен төтенше жағдайға тап болған жанұялар да кіреді.