Skip to content

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІ ВЛАДИМИР ПУТИНМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

      Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

2024 жылғы 02 наурыз

Әңгімелес у барысында мемлекеттер басшылары стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухындағы екіжақты әрі көпжоспарлы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.

Тараптар Ресей Президентінің былтыр қараша айында Астанаға жасаған ресми сапары және Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырда Қазан қаласына жұмыс сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Сонымен қатар энергетика, транзит және логистика салаларындағы бірлескен жобаларды тиімді түрде ілгерілету маңызды екені атап өтілді.

Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *