Skip to content

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «АЛТЫН САПА» ЖӘНЕ «ПАРЫЗ» СЫЙЛЫҚТАРЫНЫҢ ЛАУРЕАТТАРЫН МАРАПАТТАУ РӘСІМІНДЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

   Президент «Алтын сапа» және «Парыз», «Қазақстанның үздік тауары» байқауларының жеңімпаздарын – ел дамуына елеулі үлес қосқан кәсіпкерлерді салтанатты түрде марапаттау рәсіміне қатысушыларды құттықтады. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Қазір Қазақстанда бизнес саласы қарқынды дамып келеді. Бұған мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатыр. Шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 36 пайыздан асты. Бұл, шын мәнінде, жоғары көрсеткіш. Осы салада жұмыс істейтін адамдардың саны 4,3 миллионға жетті. Яғни, еңбекке жарамды азаматтардың 45 пайызы деген сөз. Индустрияландыру жұмысы соңғы жылдары жоғары қарқынмен жүзеге асырылып келеді. Былтыр өңдеу өнеркәсібінің экспорты 26 миллиард доллардан асты. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Өткен жылы осы салаға 1,5 триллион теңге инвестиция тартылды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *