Skip to content

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘЗЕРБАЙЖАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

         Бакуге мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев «Загульба» резиденциясында қарсы алды. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы президенттерге рапорт берді. Қазақстан мен Әзербайжанның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Салтанатты рәсімнен соң президенттер шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Әзербайжан Президенті сайлауындағы айқын жеңісімен және биыл Бакуде СОР 29 саммитін өткізу мүмкіндігіне ие болуымен құттықтады.

Президент  Қазақстан мен Әзербайжан ынтымақтастығының мазмұны байып, бірлескен ірі жобалармен толыға түскенін және қарқынды дамып келе жатқанын жоғары бағалады.

Өз кезегінде Әзербайжан Президенті Қазақстанмен арадағы бауырластық байланыстардың беки түскенін айтты.

Келіссөз барысында тараптар сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, энергетикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, сондай-ақ цифрландыру, азық-түлік қауіпсіздігі және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы ықпалдастық мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар екі ел экономикасының дамуына тың серпін беретін инвестициялық жобаларды іске асыру перспективасы қарастырылды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *