Skip to content
Главная страница » МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕЛЕНА РЫБАКИНАНЫ ЖАҢА ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕЛЕНА РЫБАКИНАНЫ ЖАҢА ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны құттықтады, деп хабарлайды Sanur.kz Мемлекет басшысының желідегі парақшасына сілтеме жасап.

«Индиан-Уэллстегі беделді турнирде жарқын жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны @lenarybakina құттықтаймын! Біздің спортшымыз асқан шеберлігін, жеңіске деген мұқалмас ерік-жігерін және спорттағы жоғары мәдениет үлгісін көрсетті. Елена әлемдегі үздік корттарда жаңа жетістіктерге жете береді деп сенемін!», – деп жазды Мемлекет басшысы желідегі парақшасында.

 

  Еске салсақ, Елена Рыбакина алғаш рет Индиан-Уэллс мастерс турнирінің чемпионы атанды. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллс (АҚШ) турнирінде жеңіске жеткеннен кейін WTA рейтингінде 7-орынға көтерілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған