Skip to content

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ ЕРЖАН СӘДЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

      Президентке елімізде «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыру, кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде есеп берілді. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Ержан Сәденов ведомство өз қызметі барысында Мемлекет басшысының Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында берген тапсырмаларына сәйкес құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауатын арттыру мәселелеріне баса мән беріп отырғанын баяндады. Соның нәтижесінде жыл басынан бері қылмыс деңгейі төмендеген. Атап айтқанда, ұрлық, тонау, қарақшылық, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық және көшеде жасалған қылмыстар, кәмелетке толмаған және бұрын сотталған азаматтар істеген қылмыстар айтарлықтай азайған.

Мемлекет басшысына құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған бірыңғай заң әзірлеу, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөнінде арнайы бөлімше құру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берілді.

Бұдан бөлек, Президентке ұйымдасқан қылмысқа, есірткі қылмысына, экстремизмге қарсы іс-қимыл жұмыстарының нәтижесі таныстырылды. Министр киберқылмысқа қарсы күрес жүргізетін дербес қызмет құрылатынын жеткізді.

Сонымен қатар Ержан Сәденов орта буынға жататын басшылық құрамды кезектен тыс аттестаттациядан өткізуге дайындық барысы жайында айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *