Skip to content

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӘЗЕРБАЙЖАН ПРЕЗИДЕНТІ ИЛЬХАМ ӘЛИЕВПЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

      Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық және аса жауапты қызметіне табыс тіледі. Бұл туралы Sanur.kz аұпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Әзербайжан президенттері екі ел халықтары арасындағы достық қатынастар мен дәстүрлі бауырластық байланыстарға көңілдері толатынын айтты.

Мемлекеттер басшылары Әзербайжан Президентінің Қазақстанға сапары кезінде және биыл қараша айында Бакуде өткен СПЕКА саммиті аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелеріне назар аударды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *