Кездесу барысында Алматының мәдени өмірі жайында сөз қозғалып, Қазақстандағы классикалық музыканы дамыту перспективасы қарастырылды. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Жәмила Серкебаеваның таланты мен кәсібилігін жоғары бағалап, оның елімізді ғана емес, шетелді де мойындатқанын атап өтті.
Өз кезегінде Жәмила Серкебаева музыка өнеріне қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, еліміздегі музыкалық инфрақұрылымды жетілдіруге қатысты ұсыныстарын жеткізді.