Skip to content

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ РЕСЕЙДІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ АЛЕКСЕЙ БОРОДАВКИНДІ ҚАБЫЛДАДЫ

       Кездесу барысында Қазақстан Президенті мемлекетаралық байланыстардың барлық бағыты бойынша екі ел арасында тұрақты диалог қалыптасқанын атап өтті. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасай отыра хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Ресей Президенті Владимир Путиннің жуырда Астанаға жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтар тату көршілік қатынастарды жан-жақты нығайтуға бағытталған өзара ұмтылысты тағы да растады.

Сонымен қатар кездесуде Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелері және даму перспективалары қарастырылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *