Президент Қасым-Жомарт Тоқаев XVI Карл Густавты Швеция Корольдігінің Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі Ақордаға сілтеп .
– Біз Швециямен арадағы қалыптасқан серіктестік қатынастарды жоғары бағалаймыз әрі достас екі елдің игілігі жолындағы байланыстарды тереңдетуге ниеттіміз. Осынау айтулы мереке күні Сізге бақ-береке тілеймін және Швеция халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.