Skip to content

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТУРКИЯ ПРЕЗИДЕНТІМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

       Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Сонымен қатар Түркия Президентінің көреген саясаты мен қажырлы еңбегінің арқасында бауырлас елдің одан әрі қарқынды дамып, халықаралық қоғамдастықтағы беделі арта түсетініне сенім білдірді. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасай отыра хабарлайды.

Әңгімелесу барысында екі ел басшылары сауда-экономика және инвестиция салаларындағы серіктестікті кеңейтуге баса мән бере отырып, Қазақстан мен Түркия арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықты өркендету мәселесі жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар тараптар Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалығы кезіндегі күн тәртібінің жүзеге асырылу барысын талқылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *