Өткен сенбінің кешінде Бірлік мәдениет үйінің өнерпаздары Жетісай аспанын ән мен күйге бөледі. “Мерейлі мекен – Жетісай” концертік бағдарламасы шаһар қонақтары мен тұрғындарына естен кетпес әсер, көтеріңкі көңіл – күй сыйлады, деп хабарлайды Sanur.kz ақпарат агенттігі.
Жетісай қаласы – тек ауданның айнасы ғана емес, мәдениеттің , руханияттың ордасы. Шаһарда әр сенбінің кешінде ауылдық округтердің мәдениет үйлері концерттік бағдарлама ұсынады. Бұл жолғы кезек Шаблан Ділдәбеков ауылдық округінің “Бірлік ” мәдениет үйінің өнерпаздарына келді. Әуелете ән салып, дөңгелене би билеп, түрлі аспаптарда өнер көрсетті.
РАЙХАН АЙТБАЕВА; ” БІРЛІК” МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ МӘДЕНИ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ
– Біз бұл концертке жаңа бағдарламамен, керемет көңіл – күймен, заманауи бимен, жаңа – жаңа әндермен келдік. Халдыққа керемет көңіл – күй сыйлау үшін.
Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй. Бірлік мәдениет үйінің өнерпаздары шаһар халқына рухани азық сыйлау үшін барын салды. Түрлі ұлттың тілінде әртүрлі жанрдағы әндер шырқап, дөңгелене би билеп, көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Қала тұрғындары мен қонақтары, әсіресе жастар жағы бүгінгі кештен рухани қуаттанып, бір сергіп алды. Осындай көңілді атмосфера мен жанға рақат сыйлаған өнерпаздарға Жетісайлықтар дән риза болысты.
АЯНА АБУОВА; ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
– Сегодня у нас чудесный концерт. Я очень рада то что здесь очень много людей. Оченнь яркая впечетления . Всех зову ис советую смотреть.
НҰРДӘУЛЕТ ӘБУХАН; ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
– Концерт өздеріне жараса өте ерекше өтіп жатыр. Қазір мектеп маусымы басталып, ждастар жағы да уақытын көңілді өткізуде. Осы секілді іс – шаралар көп болса деймін.
Айта кетейік, Мерейлі мекен – Жетісай айдарымен әр сенбі сайын шаһар ортасында концерт өтеді.