Skip to content

МЕРЕКЕ АЯСЫНДА 60 ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

       «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесі аясында Жетісай ауданында 60 отбасы баспаналы болды. Мерекелік шараға аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов арнайы қатысып, үй иелерін қуаныштарымен құттықтады. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
 
«Өз үйің өлең төсегің деген ұлағатты сөз бар халқымызда. Тағатсыздана күтіп, өз баспаналарыңызды кілтін алып, құтты қадам жасағалы отырсыздар! Мемлекет тарапынан қолға алынған «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында салынған тұрғын үй кешені әрқашан игіліктеріңізге жарап, берекелі шаңыраққа айнала берсін. Сіздерді баспаналы болуларыңызбен шын жүректен құттықтаймын!» деген аудан әкімі.
 
Бес қабаттан тұратын үйлердегі пәтерлер тұрғын үй кезегінде тұрған Ұлы Отан Соғысының ардагері мен көпбалалы отбасыларға, І-ІІ топ мүгедектігі бар азаматтарға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де бюджеттік мекемеде жұмыс істейтін азаматтарға берілді.
 
Айта кетейік, аудан басшысының тапсырмасына сәйкес алдағы уақытта сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 90 үйді тапсыру көзделіп отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *