Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлыққа қол қойды. Мемлекеттік наградаға екі мұғалім ел тарихында тұңғыш рет ие болды, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.
Елдің әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін Алматы қаласы №4 арнайы мектеп-интернатының мұғалімі Г.Нұрпейісоваға, Орал қаласы А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының мұғалімі Э.Траисоваға «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.