Skip to content
Главная страница » МҰХТАР ҚҰРАЛОВПЕН КЕЗДЕСТІ

МҰХТАР ҚҰРАЛОВПЕН КЕЗДЕСТІ

  Мақтаарал оқушылары ақтаңгер ақын, сазгер Мұхтар Құраловпен кездесті. Аймаққа танымал тұлғаларды, көшбасшыларды насихаттап оларды үлгі еті мақсат еткен шара Мырзакент кентіндегі Сабыр Рахымов ЖОМ өтті. Басқосуда аудан мектептерінен келген оқушылар қатысып ақынның өмір-өнер жолымен танысты, деп хабарлайды Sanur.kz ақпарат агенттігі.

   Білім ордасының АКТ залында ұйымдастырылған шарада оқушылардың қарасы көп болды. Олар қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Мұхтар Құраловтың шығармашылығы туралы мағлұмат ала  отырып, өлеңдерінің өміршеңдігінің сыры неде екендігін сезінді.

МҰХТАР ҚҰРАЛОВ АҚЫН, САЗГЕР

Халық қолдаса, халық құрметтесе халық білгенін үйренсе ешуақытта жамандық болмайды. Президентіміздің өзі ұлттық өнерді ұлттық қолтаңбалардың барлығын қайтадан қалпына келтіріп, жетілдіріп оны өсіріп отыру керек деп айтты. Сол үшінде қазір мектептердің барлығындай айтыс өткізіліп жатыр. Терме байқауын өткізіп жатыр дәстүрлі әндер байқауы өтіп жатыр. Мұның барлығы да халықтың керегіндегі нәрсе.

   Рухани азығы мол шарада айтыс өнерінің тарбиелік мәні тарқатылып өткені мен келешегі сөз болды.  Кейіпкер жайлы мәліметтер, әзіл әңгімелер айтылды.

МҰХТАР ҚҰРАЛОВ АҚЫН, САЗГЕР

Қабілетім мектепте басталды. Мектепте баяғы қабырға газеті деген болатын еді. Соған мақала жаздым. Кейін өлең жаздым. Бірінші өлеңім баяғы комунистік еңбек деген шыққан кейін шұғыла болып өзгерді. Сол жерде “Мектебімеә деген өлеңім бірінші жарияланды.

  Басқосуда ақын жастарға бірнеше өлеңін тарту етсе, оның шығармашылығымен етене таныс оқушылар жырдан шашу шашты. Ақын сазгер атасына олардың қояр сұрақтары да  көп болды. Балалық, жақ алғашқы өнер жолы жырларының тақырыбы тағы басқа сұрақтарына тұшымды жауап алды.

ЖАҢЫЛАЙ ЕРМАХАН ОҚУШЫ

Бүгін бізде Мұхтар Құраловпен бірге сұхбат жүргізілуде.Бұл сұхбат өте қызықты өтуде. МАұхтар Құралов бізге өзінің ақындыққа қалай келгенін өмірбаянын қызықты оқиғаларын тролығымен айтуда. Мен Мұхтар Құраловтың бірнеше өлеңдерін оқығаным бар. Сұхбатта өнерге қалай келгені қызықты оқиғалары ұнап жатыр. Мұхтар Құралов атамызға көп рахмет уақытын бөліп келгеніне алғысымызды білдіреміз.

   Адамгершілік, рухани қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру, отансүйгіштік сезімдерін шыңдау, оқушылардың кітап оқу арқылы поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру, шығармашыл оқушыларды жетелеу, кейіпкердің  шығармаларын насихаттау шараның басты мақсаты болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған