Skip to content

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ИГІ ІСТЕР АТҚАРДЫ

        Наурызнама онкүндігі аясында мейірімділік күні аясында Түркістан облысының аудан, қалалық жастар орталықтары мейірімді істер атқарды. Ерікті жастар мерекелік азық-түлік себеттерін әзірлеп, таратты. Қазыналы қариялардың үй шаруасына көмек көрсетіп, тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хаьбарлайды.
 
Мұқтаж жандарға қол ұшын созу, қайырымжылық көрсету – қазақтың қанында бар қасиет. Наурызды мерекелеу кезінде бұл қасиеттерді барынша кеңінен насихаттау, оның қадірін арттыру аса маңызды.
 
Осылайша, Наурызнама онкүндігінің бір күні мейірімділікке, қайырымдылыққа бағытталып отыр. Бұл бастама арқылы қоғамды қайырымды, бауырмал, қамқор болуға үндеу көзделген.
 
Ұымдастырылған шараға облыстың 17 аудан, қаласынан 200-ге жуық ерікті жас тартылып, түрлі бағытта қайырымдылық акциялары өткізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *