Skip to content

НАУРЫЗ — ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ

         Түркістанда «Наурызнама» онкүндігі жалғасуда. Қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келген «Мейірімділік мерекесінде» әлеуметтік аз қамтылған 42 отбасыға көмек көрсетілді. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
 
Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ- түрік университетінің басшылық құрамы мен қызметкерлері жинаған қайырымдылық қорынан түркістандық отбасыға азық-түлік қоржыны таратылды.
 
«Өздеріңіз білетіндей университетіміз құрылған күннен бастап әлеуметтік жобалармен қатар, ғылыми-білім беру жобаларын қоса атқаруда. Өз кезегімізде бізді де облыс, қала ақсақалдарының игі бастамаларын қолдауға шақырғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Наурыз бен Ораза айларындағы дәстүр болсын, осындай ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан сауапқа толы істі қуана қабыл алдық. Бір апта бұрын оқу ордамыздағы әріптестеріміздің барлығы бір ауыздан осындай қайырымды іске қолдау көрсетті. Бұл істі қасиетті айдағы шын ниетпен берілген жәрдем деп қабылдайсыздар деп сенеміз»,- деді өз сөзінде оқу ордасының ректоры Жанар Темірбекова.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *