Skip to content

NEET САНАТЫНДАҒЫ 200 ЖАСҚА КӘСІПКЕРЛІК ДАҒДЫЛАРЫ ҮЙРЕТІЛДІ

         Ақмола облысында NEET (уақытша жұмыссыз жастар) санатындағы 200 жастың кәсіпкерлік дағдыларын жетілдіру бойынша төрт күндік семинар аяқталды, деп хабарлайды Sanur.kz.

Іс-шара ҚР Экологиялық қорының «Кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік және жекеменшік қолдау шаралары туралы ауыл жастарының хабардар болуы деңгейін арттыру» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Семинар бағдарламасы «Жұмыс іздеу дағдыларын арттыру», «Кәсіпкерлік дағдыларын жетілдіру» және »NEET жастарының цифрлық дағдыларын арттыру» тақырыбында үш білім беру модулін қамтыды. Қатысушылар еңбек нарығы трендтерін зерттей отырып, әңгімелесуден сәтті өту, түйіндеме мен ілеспе хат жазу тәжірибесін үйренді.

Сонымен қатар жұмыс табудың маңызды платформалары туралы ақпарат алды. Екінші модуль кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға арналды. Үшінші күні электрондық үкімет сайтында (egov.kz) мемлекеттік қызметтерді пайдалану бойынша оқыту ұйымдастырылды.

Семинарға 14-35 жас аралығындағы жастар қатысты. Бұл Экологиялық қор мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының бірлескен жобасы. Курс бағдарламасы жастардың тілектерін ескере отырып әзірленді. Тыңдаушылар кәсіби мамандардан, сондай-ақ тәлімгерлер мен кәсіпкерлерден құнды тәжірибе және ақпарат алды, — деп атап өтті Қазақстанның Экологиялық қорының басшысы Айгүл Абдуалиева.

Соңғы оқу күнінде 20 тыңдаушыға өткізілген материалдар бойынша жеке консультация ұйымдастырылды. Барлық қатысушыға біліктілігін арттыру туралы сертификаттар табысталды. Мұндай курстар алдағы уақытта Қостанай және Қызылорда облыстарында ұйымдастырылады.

Сондай-ақ аталған қор республика бойынша жастар ресурстық орталықтарында жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту материалдарынан тұратын ақпараттық-танымдық бұрыштар орнатуды жоспарлап отыр. Курстарға жаңадан бастаған және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер де қатыса алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *