Skip to content

НҰРЛАН МӘСІМОВТІҢ ІСІ ПРОКУРАТУРАҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ

   Адвокат Дмитрий Куряченко Павлодар облысының бұрынғы полиция басшысы Нұрлан Мәсімовтің ісі туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

  Нұрлан Мәсімовке аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген айып тағылды. Бұрынғы полицейге қатысты іс қаралып жатқан баптардың санкцияларында мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру арқылы 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

  «Сотта Мәсімовтің қорғаушысы істі қысқарту, істі прокурорға қайтару, кепіл немесе үйқамаққа алу бұлтартпау шарасын өзгерту туралы бірнеше өтініш білдірді. Отырыс қорытындысы бойынша судья қылмыстық істі прокуратураға қайтару туралы шешім қабылдады», деді Дмитрий Куряченко.

 Айта кетейік, Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Нұрлан Мәсімов пен оның орынбасары Дамир Сиразидимовтің ісін прокуратураға қайтарғанын растады. Куряченконың айтуынша, сот Мәсімовке қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтінішті қанағаттандырмай, оны қамауда қалдырды.

  Еске салайық, 2022 жылдың қаңтарында Нұрлан Мәсімов Павлодар облысының полиция бастығы қызметінен босатылды. 

  Өткен жылдың сәуір айында Нұрлан Мәсімовтің іздеуде жүргені белгілі болды. Кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оның жүрген жері туралы ақпарат бергендерге сыйақы жариялады. Шілде айында Мәсімов Ресеймен шекарада жалған құжаттармен ұсталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *