Ақтау қаласында Қазақстандық Кітапханалық Одақтың көшпелі жұмыс отырысы және Қ.Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының 50 жылдығына арналған «Кітапхана ісін дамытудағы заманауи әлемдік үдерістер» тақырыбында конференция өтті, деп хабарлайды Sanur.kz.
Республика көлемінде өткізілген конференция барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастырған «Kitap Time» жалпы республикалық кітап фестивалі аясында іс-шараларды жоғары деңгейде өткізгені үшін Түркістан облыстық Фараб әмбебап ғылыми кітапханасы үздік деп танылды.
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ғазиза Құдайбергенқызы кітапхана директоры Жанат Шардарбековаға сертификатты табыстады. Айта кетейік, былтыр аталған кітапхана директоры «Жыл кітапханашысы – 2022» атанған еді.