Оқу-ағарту министрінің қоғам өкілдерімен кездесу шаралары жалғасуда, деп хабарлайды Sanur.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының мүшелік ұйымдары мен актив басшылары басқосу кезінде білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қоғамдық кеңес өкілдері, мұғалімдер, білім басқармаларының басшылары және оқулықтарды әзірлеуші топ мүшелерімен кездескен еді. Мұндай басқосу алдағы уақытта педагогикалық және ата-аналар қауымдастығымен де ұйымдастырылады.
Айта кетейік, Қазақстанда барлығы үш ірі салалық кәсіптік одақ жұмыс істейді.