Skip to content

ОЛИМПИАДАҒА 133 КҮН ҚАЛДЫ

       Олимпиадаға дайындық штабында Парижде өтетін ойындарға дайындық барысын талқылап, министрлікке қарасты мекелемелермен кеңейтілген жиын өткізді, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.

XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамыз аралығында өтеді. Қазіргі уақытта еліміздің спортшылары түрлі лицензия беретін жарыстарға қатысып, 25 жолдаманы алды. Алда әлі жолдама беретін бірнеше жарыстар бар.

Бүгінгі штаб отырысында Олимпиада ойындарында потенциалды 10-орынға дейінгі 50-ден астам спортшының тізімін бекітіп отырмыз. Бұл елімізде қалыптасқан тәжірибе. Әрбір олимпиаданың алдында осылай тізім бекітіп, үлкен назар аударамыз. Спортшылардың ішінде нәтиже көрсеткендері мен әлем чемпиондары, олимпиадаға қатысқандары да бар. Сол спортшыларға максималды түрде құрал-жабдықтарын алып беруге көңіл бөлеміз. Сондай-ақ өздерінің тапсырысы бойынша фармакологиялық жабдықтар қажет болса бәрін қарастырып, осындай штабтың отырысында бекітеміз. Олимпиадаға дейін аз ғана уақыт қалды. Сондықтан индивидуалды түрде әрбір спортшымен жұмыс істеу үшін осындай тізімді жасадық. Жоспарда 90-нан астам лицензия алу бар,-деді Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жараспаев.

Сондай-ақ, Олимпиадаға дайындық штабының басшысы Елсияр Қанағатов жолдама алған спортшылардың әр өңірде насихатталуын қолға алу керек екенін жеткізді.

Сәуірдің 17-і күнгі Париж Олимпиадасына 100 күн қалады. Соған орай, республикалық деңдейде жарыстар өткізіп, әрбір өңірде Олимпиадаға 100 күн қалды деген бәсекелер мен жолдама алған спортшыларды насихаттайтын іс-шаралар ұйымдастырса деген ұсыныс бар. Спортышларға керекті федерациялардан қажетті жабдықтарды алып жатырмыз,-деді Елсияр Қанағатов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *