Жарылыс қойдың басын үйітуге арналған базар аумағына қарасты жерде болған. Зардап шеккен он адамның екеуі — бала. Қазір олар ауруханада ем алып жатыр , деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қатты күйік шалған бір ер адам жансақтау бөлімінде, ал төрт азамат травматология бөлімшесінде жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары оқиғаның жай-жапсары мен себеп-салдарын анықтап жатыр.