Өткен бір тәулікте коронавирус инфекциясы 86 адамнан анықталды, коронавирус белгілері бар пневмонияға 1 адам шалдықты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Sanur.kz.
3 наурыздағы мәлімет бойынша, қазір ел өңірлерінде коронавирустан 1 651адам (коронавирус (КВИ+)–1 539, пневмония (КВИ-) – 159) емделіп жатыр. Олардың ішінде 115 пациент стационарда, 1 583 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
— 2 адамның жағдайы ауыр,
— 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
— 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.