Skip to content

ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ БІР ЕЛДІ МЕКЕНІ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

        Түркістан облысында 832 елді мекен бар. Қазіргі таңда 719 елді мекен ауыз сумен қамтылған. Қалған 113 елді мекенді ауыз сумен қамту жұмыстары жоспарлы түрде іске асады. Биыл 70 нысанның құрылыс жұмыстарына бюджет есебінен қаржы бөлініп, 38 нысан биылғы жылы аяқталуда. Ал 32 нысан келесі жылға өтпелі. Соның бірі – Отырар ауданы, Көксарай ауыл округіне қарасты Жанкел елді мекенінің ауыз су құбыры желілері мен имаратының кұрылысы аяқталып, ауыл тұрғындары таза ауыз сумен қамтылды, деп хабарлайды Sanur.kz.
 
Аудан әкімінің орынбасары Жансұлтан Сейтжанов ел игілігіне берілген нысанның құрылысымен танысып, тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында аудан көлемінде елді мекендерге таза ауыз су жеткізу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асып келе жатқанын атап өтті.
 
Ауыл тұрғындары көптен күткен ауыз су мәселесінің оң шешімін тапқанына ризашылықтарын айтып, алғысын жеткізіп, ел Тәуелсіздігі мен Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жеткен жағымды жаңалықты жақсылыққа жорып, келер жылы игі бастамалар өз жалғасын табатынына сенімін білдірді.
 
Аудан әкімінің орынбасары тұрғындарға алдағы уақытта ауыз су тұрақты және уақытылы берілетінін айтып, жауапты мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *