Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қарғалы ауылында қайырымды жандардың қолдауымен тағы да бір отбасы қоныс тойын тойлады. Ауыл жастары баспанаға мұқтаж Кенжекүл Батырбайқызының отбасына баспана сыйлады. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қарғалы ауыл округінің әкімі Еркеғали Жұмабек, «AMANAT» партиясы Отырар аудандық филиалының атқарушы хатшысы Еркеғали Таңатаров, Қарғалы ауыл округінің төбе биі Ерлан Шоманов және ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қарғалылықтардың қуанышымен бөлісіп, ізгі тілектерін айтты.
Жаңа жыл қарсаңында жаңа үйге кірген ауыл тұрғыны үлкен армандарының бірін орындаған азаматтарға шексіз ризашылығын білдірді.
Қайырымдылық жасау – ізгіліктің басты көрінісі мен асыл қасиеттерінің бірі. Жақсылық жасау имандылықтың, тәрбиелектің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Қарғалы ауылында адал тапқан нәпақасын қайырымдылыққа жұмсап, мұқтаж жандарға жанашырлық танытып жүрген азаматтар саны артып келеді.