Skip to content

ОТЫРАРДА ТӘУЛІГІНЕ 2 ТОННАҒА ЖУЫҚ ТАРЫ ӨҢДЕЙДІ

       Түркістанның бір бренді тары болса, Отырар ауданы Балтакөл ауылы тары өсірумен атақты. Солардың бірі – «Досжан ата» тары өңдеу цехы. Отырарлық Ерасыл Жүребек үй жағдайында тары өңдеп, нарықтың сұранысын қамтамасыз етіп келеді. Тәулігіне 2 тоннаға жуық тары өңдейтін кәсіпкерлік нысанда жергілікті 10 азамат жұмыс істейді. Кәсіпкер өз кәсібін жандандыру үшін «Ауыл аманаты» жобасы аясында «Ырыс» МҚҰ-нан 20 млн. теңге қаржы алып, цех ғимаратын одан әрі кеңейтіп, өндіріс көлемін арттыруды көздеп отыр. Бұдан бөлек, тарыдан қалдықтарын құрама жем ретінде пайдаланып, мал бордақылауды жандандыруда, деп хабарлайды Sanur.kz ақпарат агенттігі.
 
Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов Балтакөл ауылындағы тары өңдеу цехының жұмысымен танысып, ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзіне айналған кәсіпті дамыту жайын талқылады.
 
Жас та болса алдына мақсат қойып, табысқа жетіп отырған жас кәсіпкердің ісіне сәттілік тілеген аудан әкімі кәсіпкерлікті дамытуға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *