Skip to content

ПНЕВМОНИЯНЫ ӨРШІТКЕН — КОРОНОВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ

   ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше өткен тәулікте коронавирус инфекциясына – 74, коронавирус пневмониясына 7 адам шалдыққан.

   Жалпы, 20 қаңтардағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде коронавирустан 1 949 адам (коронавирус (КВИ+) –1 796, пневмония (КВИ-)– 153) емделуде. Олардың ішінде 156 пациент стационарда, 1 793 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
— 10 адамның жағдайы ауыр,
— 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
— 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

   Еске салайық, 18 қаңтарда коронавирус – 101, пневмония 4 адамнан анықталған болатын. 17 қаңтардағы тәулік ішінде кронавирусқа – 70, пневмонияға 9 адам шалдықты. 16 қаңтарда коронавирус – 53, пневмония 7 адамда тіркелді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *