Жаңа туған сәби бүгін түнде «Шымкент-Астана» пойызында дүниеге келді .«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, пойыз бастығы Гүлшат Қарақұлова мен жолсерік Анар Адамбаева жолаушының аман-есен босануына көмектесті, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі
21 қазанда сағат 23:55-те қыз бала дүниеге келді. Оның анасы күйеуімен Шымкенттен Астанаға бара жатқан.
Соңғы 3 жыл ішінде жолаушы тасымалы компаниясының пойыздарында 14 сәби дүниеге келген.