Skip to content

ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ КАНДИДАТУРАСЫН AMANAT ПАРТИЯСЫ ҰСЫНАДЫ

   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында Премьер-Министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен «Amanat» партиясы ұсынатынын айтты, деп хабарлайды Sanur.kz. 

      «Мен Премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия Мемлекет басшысына ұсынуға құқылы деп айттым. Осы ретте, саяси жауапкершілік те сол партияға жүктеледі», — деді Мемлекет басшысы.

    Мемлекет басшысының айтуынша, бұл тәсіл «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына сай келеді.

   «Үкімет әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыруға тиіс. Болашақта Үкіметтегі және аймақтардағы басшылық қызметтерге түрлі партия өкілдерін тартқан жөн. Ол үшін саяси партиялардың кадрлық резервін жасақтауды ұсынамын. Сондай-ақ, өкілді және атқарушы биліктің қарым-қатынасы жаңаша сипатқа ие болады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Айта кетейік, елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы өтіп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *