«Ақорда» резиденциясында алты мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Сенім грамоталарын Мысыр Араб Республикасының елшісі Ибтиссам Ракха Ахмед Хасан, Сербия Республикасының елшісі Владимир Йовичич, Люксембург Ұлы Герцогтігінің елшісі Томас Райзен, Австралия елшісі Джон Уильям Гиринг, Колумбия Республикасының елшісі Эктор Исидро Аренас Нейра, Сирия Араб Республикасының елшісі Башар Джафари тапсырды.