Skip to content

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ МОҢҒОЛИЯҒА МЕМЛЕКЕТТІК САПАРМЕН КЕЛДІ

Моңғолияға мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті,деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі Ақордаға сілтеп. 

Үкімет үйі алдындағы Сухэ-Батыр алаңында құрмет қарауылы және сауыт киген салт атты моңғол жауынгерлері сап түзеп тұрды. Құрмет қарауылы бастығының рапортынан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды, мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *