Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Майами WTA 1000 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sanur.kz Bassport.kz сілтеме жасап.
Рыбакина америкалық Мэдисон Кизбен кездесіп, 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Ал Юлия Путинцева украиналық Анлегина Калинскаямен өткен матчта жанкештілік танытып, 6:4, 7:6 есебімен басым болды.
Елена Рыбакина ширек финалда грекиялық Мария Саккаримен жолығады.
Путинцеваның қарсыласы енді анықталуда.