Skip to content

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАУҒА БЮДЖЕТТЕН ҚАНША АҚША БӨЛІНЕДІ? – ДСМ ЖАУАП БЕРДІ

     Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният салауатты өмір салтын насихаттау үшін  өңірлерге жыл сайын қанша қаражат бөлінетінін айтты. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрдің айтуынша, медицина қызметкерлері салауатты өмір салтын насихаттау бағытында мақсатты жұмыс жүргізіп келеді. Бұл үшін министрлік бюджеттен қаржы бөледі. 

“Әрбір емханада денсаулық мектебі немесе кабинеті, темекіге қарсы кабинеттер, темекі, ішімдік, есірткіге қарсы күрес жүргізілетін жастар орталықтары ашылады. Осы мақсатқа денсаулық сақтау министрлігі жыл сайын өңірлерге 500 млн теңге бөледі”, – деді Ғиният.

Министр темекі мен басқа да жаман әдеттердің салдарынан зардап шегетін пациенттерді емдеуге жұмсалатын қаражатпен салыстырғанда бұл аз сома екенін айтты. Ажар Ғиният атап өткендей, темекі салдарымен күреске де ақша бөлінеді. 

“Темекі тарту жүрек-қан тамырлары, респираторлық ауруларға, тіпті қант диабетіне де шалдықтырады. Егер министрліктің ауру адамдарды емдеуге бөлетін шығынын қарастырсақ, жылына бұл шамамен 300 млрд теңге. Яғни біз темекінің салдарына – ем, операция, дәрі-дәрмекке, оңалтуға ақша жұмсаймыз”, – деп түсіндірді ведомство басшысы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *