Skip to content

САЛЫҚТАН ҚАШСАҢ СОТҚА ТАП БОЛАСЫҢ

     Жетісай ауданы аумағында көлік салығын төлемеген салық төлеушілердің салықтарын өндіру бойынша Жетісай аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы рейд ұйымдастырды. Аталмыш шара аясында сала мамандары салық берешегі бар азаматтардың тұрғылықты мекен жайларына барып, заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Sanur.kz хабарлайды.

    Жетісай аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметінше аудан көлемінде көлік салығын төлемеген 3321 Азамат бар, олардан өндірілетін салық берешек 70млн 934 мың 576 теңге Қаржыны құрайды. Аталған рейдтік шара аясында, әр бір салық берешегі бар азаматтармен тілдескен аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары мен қала, ауылдық округ әкімі аппараттарының салық жөніндегі мамандары тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

МАЛИК ТЕМИРОВ; Жетісай аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы 
Салық төлеушілердің барлығына толығымен хабарламалар таратылған,хабарламаларды 30 жұмыс күнінде орындамаса, көлік салығы бұйрығымен қалыптастырады. Яғни көлік салығынынан берешегі бар азаматтар 5 жұмыс күнінде төлемесе аудандық жеке сот орындаушыларға мәжбүрлеп өндіру бойынша жолданады.

   Салықшылардың дерегінше, қарызын төлемегендер арасында ауданымызға белгілі адамдар да жетерлік. Алдағы уақытта көлік салығын төлемегендердің құжаттары тиісті заңдылықтарына байланысты сотқа жолданып, мүлкінің есебінен өндірілетін болады. Ал ұйымдастырылған түсіндірме жұмыстары барысында салық берешегі бар азаматтардан 100 мың теңге көлемінде салық өндірілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *