Skip to content

“САПАСЫЗ, БІР РЕТТІК КИІМДЕР”: МИНИСТРЛІК АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАТЫН СПОРТШЫЛАРДЫҢ КИІМІНЕ 110 МЛН ТЕҢГЕ ЖҰМСАҒАН

   ҚР мәдениет және спорт министрлігі Азия ойындарына қатысатын спортшылардың киімі үшін бюджеттен 110 208 000 теңге жұмсаған. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

  Бұл деректерді “Әділдік жолы” РҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұлов әлеуметтік парақшасында жариялап, спорт комитетін сынға алды.

“Спорт комитеті Азия ойындарына қатысу үшін формаға (аяқ киімсіз) 110 208 000 теңге жұмсады. 600 жинақ үшін. Келісімшарт, әрине, бір ғана тараппен, ешқандай конкурссыз жасалған. Небәрі 2 жылдың ішінде Спортты дамыту дирекциясы формаға 1 164 683 520 теңге жұмсаған және барлық келісімшарттар бір көзден жасалған”, – делінген жазбада.

  Еске сала кетейік, бұған дейін спортшы Алина Сарқұлова Азия ойындарына киетін киімнің сапасына шағымданып, бейнеүндеу жариялаған болатын.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *