Skip to content

САУРАН АУДАНЫНДАҒЫ СЕНБІЛІКТЕ КӨШЕЛЕР МЕН АУЛАЛАР ТАЗАЛАНДЫ

      Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қоршаған ортаны қорғау, заңсыз қоқыс алаңдарын жою жұмыстарын ұйымдастыруды аудан-ауыл әкімдіктеріне қатаң тапсырған болатын. Сауран ауданында қазір әр сенбі сайын сенбілік ұйымдастырылып, жол жиектері мен көшелердегі қоқыс пен қалдықтар шығарылып, арық-атыздар тазартылуда. Оған ауылдық округ тұрғындары мен мекеме қызметкерлері біркісідей атсалысып, өз үлестерін қосты. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
 
Аудан бойынша ұйымдастырылған сенбілік жұмысына – 170 адам қатысты. Нәтижесінде 40 тонна қоқыс шығарылып, оған 3 техника жұмылдырылды.
 
Бұл шара жолда жүрген жүргізушілер мен жолаушылар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға және жол жиегінің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *