Skip to content

САУРАНДЫҚТАР МҰҚТАЖ ОТБАСЫНА БАСПАНА ТАРТУ ЕТТІ

        Түркістан облысында қайырымдылық іс-шаралары көбейіп келеді. Осындай игі шараның бірі Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылдық округінде ұйымдастырылды. Қайырымды жандар өз қаражаттары есебінен 2 бала тәрбиелеп отырған, баспанаға мұқтаж жалғызбасты анаға баспана тарту етту. Юлдашев Жорабек және Атаев Мырзарайым есімді азаматтардың ұйытқы болуымен игі бастама ұйымдастырылып, көпшілік қауымның қолдауымен мұқтаж отбасына баспана салынды. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агеттігі хабарлайды.
 
Отбасы мүшелеріне үйдің кілтін табыс ету шарасына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы барып, шаңырақ иелерінің қуанышымен бөлісті. Онда ауданның Ақсақалдар алқасының төрағасы Балтабай Жарылқасынов және ауылдық округтің бас имамы сөз сөйлеп, ізгі тілектерін жеткізді. Ауданның кәсіпкерлері тарапынан баспана иелеріне тұрмыстық қажетті жабдықтар сыйға тартылды.
 
Ұзақ жылдан бері пәтер жалдап келген ана мен балалар қуаныштарын жасыра алмай, қайырымды жандарға шын көңілімен алғысын білдірді.
 
Айта кетейік, бұл игілікті істе әкімдік жанынан арнайы комиссия тобы құралған. Топ құрамында Ақсақалдар және Аналар кеңесі мен аудандық мәслихат депутаттары, ауыл имамдары мен қауымдастық мүшелері бар. Арнайы топ ауылдық округтерде жағдайы төмен, баспанаға мұқтаж отбасыларды іріктеп, таңдау жүргізеді. Алдағы уақытта ауылдық округтің белсенді азаматтары мен қайырымды жандары дәл осы істі жалғастырып, мұқтаж отбасыларына баспана салуға ниетті екендіктерін жеткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *