Салдарынан бірнеше сағатқа созылған кептеліс болды. Ал қатты жел бірнеше ғимараттың шатырларын ұшырып әкетті. Бірнеше аудан жарықсыз қалды. Бұл туралы Семей әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.
Мамандар бір сағат бойы үздіксіз жауған нөсер жауын 1 айлық мөлшерден асып кеткендігін айтады. Коммуналдық қызметкерлер 1 түнде 7 мың текше метрден астам су сорды, тазарту жұмыстары әлі жалғасып жатыр.