Өзге өңірлерге қарағанда көктемі ерте шығатын Жетісай ауданында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тікелей қатысуымен ауқымды сенбілік жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Saur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Ынтымақ – достық кепілі» айдарымен ұйымдастырылған шараға мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелер мен аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері, халық қалаулылары қатысты.
«Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.
Бүгін «Облыстық аудан, қала аумақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөнінде 2024 жылдың іс-шара жоспарына» сәйкес және Әз-Наурыз мерекесіне дайындық жұмыстары аясында «Ынтымақ – достық кепілі» ұранымен тазалық акциясын өткіздік» дейді аудан басшысы.
Ауданның, елді мекендердің кіре беріс аймақтары мен орталық көшелері, әлеуметтік нысандарының айналасы мен саябақ, скверлер толық қамтылған тазалық жұмыстарына 950-ге тарта адам мен 14 арнайы техника жұмылдырылып, 70 тоннаға жуық тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылды.
«Мұндай шаралар тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталады» дейді жауапты сала мамандары.