Skip to content

СЕНБІЛІКТЕ САУРАНДЫҚТАР 20 МЫҢҒА ЖУЫҚ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗДЫ

         Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен бүкілаудандық сенбілік өтті. Сенбілікте 20 мыңға жуық көшет отырғызылды. Оған 500-ден астам адам мен 17 техника жұмылдырылды. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
 
Күн сайын көркейіп келе жатқан киелі Сауран ауданының ажары оның тазалығына байланысты. Ауданды таза, әдемі, жасыл желекке оранып тұруы, әрбір адамның сүйіспеншілігі мен жанашырлығын қажет етеді. Ауданның шырайын келтіріп, көшелердің көркін реттеу мен тазалық жұмыстарын жүргізу аса маңызды.
 
Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген сөз бар. Расымен де саялы ағаш егіп, балаға мирас болатын бұл дәстүр өз өміршеңдігін жойған емес. Жыл сайын жаңадан ағаш отырғызу жұмыстары көктем мезгілінде басталып, қара күзге дейін жалғасады.
 
Бүгінгі сенбілікке шыққан аудан әкімдігінің аппараты, дербес бөлімдері, жастар мен еріктілер, мекеме қызметкерлері, ауылдық округ әкімдіктерінің қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар ағаш отырғызу шарасына белсене қатысты.
 
Сауран ауданының көрейіп жатқанын көріп ауыл тұрғындары ыстық ықыластарын білдіруде. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров бас болып, ауданның тазалығына мән беріп, оны халық болып жалғастырып жатыр. Аталған сенбілік жұмыстары алдағы апталарда өз жалғасын табады.
 
Айта кетейік, қазіргі таңда өңірдегі барлық елді мекендер басқарма тарапынан тегін үлестірген көшеттерді уақытында алып, бекітілген тиісті орындарға егуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *