Skip to content

СЕРІК МАМЫТОВ: ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ

      Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, қала, кент, барлық ауылдық округтердің әкімдері қатысты, деп хабарлайды Sanur.kz ақпарат агенттігі.
 
Күн тәртібіндегі бюджет қаржылары есебінен жобалық-сметалық құжаттары дайындалған нысандардың іске асырылуы бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Өмірзақ Дүйсебаев, коммуналдық мекемелердің қысқы маусымға дайындықтарының барысы туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетов, аудан аумағындағы игерілмей бос жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару ісі бойынша атқарылған жұмыстар туралы ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұртас Тұрсынбеков пен қала, кент, ауылдық округтердегі абаттандыру жұмыстарының барысы туралы аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы Әлішер Есенбековтың баяндамалары тыңдалды.
 
Одан бөлек, «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен ауыз суға тұрғындар тарапынан төленетін төлемақының дер кезінде төленуі, электр жарығына берешек қарыздарды өтеу, абаттандыру жұмыстары бойынша ескі көше белгілерін ауыстыру, жылжитын және жылжымайтын мүлік салықтарының орындалуы барысы сөз болып, ұсыныстар талқыланды.
 
Күн тәртібінде қаралған мәселелерге қатысты аудан әкімі тарапынан берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылауды аудан әкімі аппаратының басшысы Есен Алданиязовқа жүктелді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *