Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Шардара ауданында жаппай сенбілік өтті. Сенбілікке аудан аумағындағы барлық мемлекеттік мекемелер мен еріктілер атсалысты, деп хабарлайды Sanur.kz.
Одан бөлек техникалар да жұмылдырылды. Жалпы 25 техника, 9000-ға жуық адам қатысты. Нәтижесінде жол жиектері және арық жүйелері қатты қалдықтардан, арам шөптерден тазартылып, арнайы техникалардың көмегімен 200 тоннаға жуық қоқыс жиналып, полигондарға тасталды.
Сенбілікті ұйымдастырушылар бұл шара алдағы уақытта да жалғасын табатындығын айтты.