Skip to content

ШЕТЕЛДЕГІ ҚАНДАСТАРДЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

   «Отандастар қоры» үкіметтік емес акционерлік қоғамы шетелдегі қандастардың Қазақстан аумағында жарық көрмеген туындыларын басып шығаруға арналған шығармалар байқауын жариялады, деп хабарлайды Sanur.kz.

    «Ұлы дала кітабы» атты халықаралық байқауды «Отандастар қоры» КеАҚ, Қазақстан Жазушылар одағы және «Фолиант» баспасы бірлесіп қолға алып отыр. Конкурсқа шетелдегі қазақ диаспорасына жататын қаламгерлер, зерттеуші ғалымдар, жазушылар қатыса алады.

    Байқауға әлемнің әр қиырына қоныс аударған қандастардың көші-қон тарихы және алыс жақын шет елдерді мекен еткен этникалық қазақтардың сан қилы өмір жолы, салт-дәстүрі, әдебиеті мен мәдениеті, өнері жайында жазылған публицистикалық шығармалар, естелік-эсселер, көркем әдеби туындылар, өлең-жырлар мен ғылыми-зерттеулер ұсынылуы керек.

Конкурс қорытындысы бойынша үздік деп танылған туындылар жинақ болып жырққа шығарылады.

Байқаудың басты шарттары:

1. Қазақстанда кітап түрінде жарық көрмеген болуы қажет

2. Бірлескен авторлардың шығармалары

3. Құрастырылған жинақтар

4. Құндылығына қарай басқа тілдерде жазылған шығармалар да болуы мүмкін.

Басты талаптар:

— Шығарма қазақ тілінде (кириллица қарпімен) жолдануы тиіс.

— Шетелде төте жазумен, латын әрпімен жарық көрген шығармалар, қазылар алқасының шешімімен үздік деп табылса, жеке жинақ ретінде басылады.

— Баспадан шығатын әр кітап саны – 500 дана.

— Авторлық дана – 100.

— Конкурсқа автордың аты-тегін, шыққан тегі туралы қысқаша мәлімет пен байланыс телефонын жазып, jpeg форматта фотосын жолдау қажет.

— Шығарманың толық мәтіні Times New Roman, кегель 14, PDF форматта болуы керек.

    «Авторлар шығарманы конкурсқа жібере отырып, осы жұмысқа авторлық құқықтың берілуіне кепілдік береді. Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, қазақтың рухани қазынасын байытатын әдеби шығармалар жарық көріп, өскелең ұрпаққа өнегелі мұра болып қалуы тиіс», — деп жазылған байқау шартында.

    Конкурсқа қатысу туралы өтінім мен ұсынылатын туынды 2023 жылдың 1 маусымына дейін қабылданады. Өтінімдер пошта арқылы Астана қаласы,  Д.Қонаев көшесі 12/1, «Отандастар қоры» КеАҚ мекенжайына, электрондық нұсқада болса, info@oq.gov. электрондық поштасына жіберілуі керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *