Тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген патрульдік полицейлер аялдамалардың бірінде құлап, есінен танып жатқан баланы байқаған. 2 жасар баланың анасы қорыққаннан не істерін білмеген.Полицейлер жедел әрекет етіп, баланы бір жағымен жатқызып, алғашқы көмек көрсетті, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі Polisia.kz — ке сілтеп.
Аз уақыттан соң ол есін жиып, өзіне келген.
Кейін полицейлер баланы қызметтік көлікпен кептеліссіз, бірнеше минут ішінде ауруханаға жеткізіп, дәрігерлерге тапсырды.
Осылайша, тәртіп сақшылары жедел және үйлесімді әрекет етіп, тағы бір адамның өмірін сақтап қалды.