Кәсіптік білім беру – келешек кепілі. // Шымкентте 3 жарым мыңнан астам адам кәсіптік оқу курсын аяқтап, өз ісін бастады. Оның 3/1 жұмыс берушінің кәсіпорнында практикалық білім алған. // Үшінші мегаполисте жұмыссыз азаматтар саны азайып, екі қолға бір күрек тапқандардың қатары артқан.
Еңбек нарығында жұмысшы мамандарға деген сұраныс күрт артып барады. Елімізде осы орайда «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» әзірленеді. Биыл Шымкентте осы мақсатта 200 млн теңге қарастырылып 32 мамандық бойынша 3 жарым мыңға жуық адам кәсіптік білім алды.
Әсел Отыншиева — 32 жаста. Мамандығы — невролог дәрігер. Бірақ, жұмыссыз болыпты. Бала күтімінде отырып, 3 ай кәсіптік білім алған екен. // Міне, сөмке тігіп отыр. Енді, жеке тігін шеберханасын ашпақ ниетте…
Биыл Шымкент қаласында 58 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарла