Skip to content

ШЫМКЕНТТЕ 900-ГЕ ЖУЫҚ ЖАС БАСПАНАҒА ИЕ БОЛДЫ

        Шымкентте 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін 888 жас баспаналы болды, деп хабарлайды Sanur.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір азаматтармен арендалық жалдау шартын жасасып, қоныстандыру жұмыстары басталды. Аталған пәтерлер Тұран шағын ауданында орналасқан. Конкурстан өткен азаматтарға арендалық жалдау шарты бойынша 1414-тен хабарлама жолдануда. Жолданған келісімшартқа электронды қол қою арқылы пәтер кілтіне қол жеткізе алады, – делінген әкімдік таратқан хабарламада.

 Еске сала кетейік, Шымкент қаласы бойынша 2023 жылдың 8-10 қараша аралығында 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға арналған «Жастар» бағдарламасы бойынша өтінім қабылданды. Нәтижесінде, аталған бағдарламаның талап шарттарына сәйкес келген 888 азаматтың өтінімі мақұлданды. 

«Жастар» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер сатып алу құқығынсыз 3 жыл мерзімге жалға беріледі.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *